.

 


Порталға ену

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта,  техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning)» енгізілетін болады», -  деп қарастырылған.

Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады» мақсаттық индикаторға негізделген болып табылады. 
Электрондық оқыту жүйесінің 2011-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (әрі қарай - Тұжырымдама) орта білім беру ұйымдарында ақпараттандыру үдерісінің ағымдағы жай-күйді талдауға баға береді, сонымен бірге электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін енгізу бойынша процестерді жеделдету үшін қажетті шараларды анықтайды.