Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет) или по телефону 8 (7172) 407 581

Заголовок



Зерттеуші

Зерттеуші оқушы зерттеуге және өз бетінше оқуға қажет дағдыларды игере отырып, өзінің табиғи қызығушылығын дамытады. Оның оқуға деген құштарлығы ерекше және сол қызығушылығы өмір бойы сақталады.

Білімді

Білімді оқушы жергілікті және жаһандық маңызды мәселелерді, идеяларды және концепцияларды зерттейді. Кең ауқымды және үйлесімді пәндер жиынтығы арқылы терең түсінік қалыптастырып, білім аясын кеңейтеді.

Ойшыл

Ойшыл оқушы бастамашыл, күрделі мәселелерді шешуде сыни, шығармашылық және этикалық тұрғыдан негізделген парасатты шешімдерді қолданады.

Тіл табысқыш

Тіл табысқыш оқушы қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы ақпараттарды, идеяларды түсініп, бірнеше тілде шығармашылық тұрғыдан сенімді түрде жеткізе алады. Ол басқалармен ынтымақтаса тиімді жұмыс жасайды.

Ұстанымы берік

Ұстанымы берік оқушы қоғамның, топтың, тұлғаның абыройын құрметтеп отырып, әділдікті жақтап, адал әрекет етеді. Ол өз іс-әрекеті мен соның нәтижесі үшін жауап бере алады.

Қамқоршыл

Қамқоршыл оқушы өзге адамдардың сезімдері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарап, жанашырлық танытады. Оның қоғамға қызмет етуде өз ұстанымдары бар. Ол қоғам мен қоршаған ортаға белгілі бір дәрежеде оң ықпал етуге тырысады.

Тәуекелшіл

Тәуекелшіл оқушы таныс және бейтаныс жағдайларда өзін сенімді ұстайды, бұл ретте жаңа рөлдер, идеялар мен стратегияларды зерттеу кезінде рухының дербестігін сақтап қалады. Ол өз пікірін батыл дәлелдейді. 

Үйлесімді

Үйлесімді оқушы өзі үшін де, өзгелер үшін де табысқа жету мақсатында зияткерлік , дене және эмоциялық тепе-теңдіктің маңызды екендігін жақсы түсінеді. 

Талдағыш

Талдағыш оқушы білім алуымен жеке дамуына жағдай жасау үшін өзінің мықты және әлсіз жақтарын бағалай және түсіне отырып, өзінің білімі мен алған тәжірибесін талдай алады.

Кең-ойлайтын

Кең-ойлайтын оқушы  өз мәдениетін, тарихын түсінеді және бағалайды. Басқа ұлттар мен қауымдастықтардың дәстүрі мен мәдени құндылықтарын құрметтейді. Ол үнемі әртүрлі көзқарастарды жан-жақты қарастыра отырып, тәжірибе жинақтайды.

 --Dinara Kaipova, IB PYP CoordinatorSchool Lyceum No.66, Nur-Sultan, KazakhstanKunaev street 33/1, 010000Tel: +77172501855dinarak@66edu.kz