Артық білім – кітапта

        
"Кітапхана тірі болса – халық та тірі,
 Ол өлсе – біздің өткенімізбен болашағымыз да өледі"
 Д. Лихачев
 

       Кітапхана – ақпарат орталығы. Бүгінгі таңда мектебіміздің кітапханасы  заманауи  үлгіде жабдықталып, кітап қорымен байытылған. Мектеп кітапханасы – бұл ақпарат және рухани, адамгершілік-зиялылық, эстетикалық даму орталығы. Жақсы кітапханасы жоқ мектеп білім беру және тәрбие қызметін жоғары деңгейде атқара алмайды.
    
     Мектептің оқу- тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен  жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Оқушылар олимпиадаға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалу үшін кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін белсенді пайдаланады. 

      Кітапхана алаңы - 350,8 кв.м., оқу залы  36 орындық. Кітап қоры  50 387 данаға артты. Оның ішінде–44 655 оқулықтар,  4455 көркем әдеби кітаптар, 1215 әдістемелік құралдар,  62 аудио кітаптар.  Кітаптан бөлек, кітапхана мемлекеттік және орыс тілінде шығатын  88  атаулы мерзімді баспасөз өнімдерін алып тұрады     
  
  
       Бүгінгі күнде кітапханада оқырмандар саны – 620, берілген кітаптар, журнал-газеттер-10 057, қатысқаны–5952.
«Кітап-білім бұлағы» демекші, мектеп кітапханасының атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға мұғалімдер, оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқырмандардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.
  
  
Кітапханада әртүрлі шаралар өткізіледі, көрмелер ұйымдастырылады.  «Ата заң», «Тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Махаббатқа толы жүрегі» (Сара Алпысқызының 70 жасқа толуына орай), «Ана тілім – ата-бабам мұрасы», «Бір ел – бір кітап», «Балаларға - базарлық», «Қазақ даласының ғұламалары», «Астана –Еуразия жүрегінде», «Ерлік даңқы өшпейді, ерлердің аты өлмейді»,  «Энциклопедиялар. Сөздіктер. Анықтамалар», «Жаңа кітаптар», «ЭКСПО - 2017» көрмелер мен бұрыштар ұйымдастырылған.