Мектеп жаңалықтары

ЖАҢА ЖОЛДАУ ЖАҢАЛЫҚҚА ТОЛЫ

      Ел бірлігі мен болашағы және дамуы тәуелсіз еліміздің негізгі бағыты. Сондықтан да әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.

Осы орайда мектебімізде 2019 жыл 16 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық топ спикерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Шара барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хабаров Мақсат Саматұлы биылғы жолдаудың ерекшелігіне тоқталып, Жастар жылы – жастарды кешенді қолдауға және жоғары мүмкіндіктерге жол ашатындығын атап өтті. Ал, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Толқын Батырбайқызы «Педагог мәртебесі» туралы және тарих пәні мұғалімі Баязитова Гүлмира Сағынтайқызы Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру бойынша баяндама оқып қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Шараға педагог қызметкерлер толықтай қатысты.



Просмотров: 166

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь