Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет) или по телефону 8 (7172) 407 581

Мектеп жаңалықтары

"Таланттар әлемі" байқауы



«Таланттылар
әлемі» мектепішілік өнер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

 І. Ұйымдастырушы: №66 мектеп-лицейі.

 ІІ. ӨТЕТІН УАҚЫТЫ: 17 ақпан - 13 наурыз аралығы  2021 жыл
 ІІІ. ӨТУ ФОРМАТЫ: онлайн
/бейнежазба жолдау арқылы/

  Байқауға 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.


  БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  • Балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне атсалысу;
  • Өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық, эстетикалық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіру, сахна мәдениетіне баулу;
  • Талантты, өнерлі, дарынды оқушылардың өнерін насихаттауға үлес қосу;

 БАЙҚАУДЫҢ ӨТІЛУ ШАРТЫ
Байқау  төмендегі номинациялар бойынша өтіледі:

  • Көркем сөз 
  • «Жас ақын» номинациясы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
  • Вокал (жеке) /эстрадалық ән, халық әні,
  • Вокалдық топтар(дуэт, трио, квартет, ансамбль, хор)
  • Хореография (жеке, топтық)
  • «Театр әлемі» жанры
  • Аспапта ойнау : домбыра, қобыз, шертер, скрипка, жетіген, фортепиано т.б
  • Бейнелеу өнері
  • Қолөнер және жаңа технологиялар бағыты
  • Ерекше жанр /гимнастика, пантомима, цирк өнері т.б/.  


БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

  • «Көркем сөз» номинациясы бойынша  қатысушылар Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Ыбырай Алтынсариннің  шығармаларынан үзінді,  патриоттық тақырыптағы өлеңдерді оқуы тиіс.  Өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігі, дауыс ырғағы бағаланады.
  • Шығарма  ұзақтығы  2 минуттан  аспауы  керек!

 

  • «Жас ақын» номинациясы бойынша оқушылар өз шығармашылығынан өлең оқиды. Арнау өлең оқушының шығармашылық қабілетіне қарай еркін тақырыпқа арналады. Шығарма  ұзақтығы  2  минуттан  аспауы  керек!

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

  • «Вокал», «Вокалдық топтар»номинациясы бойынша  қатысушылар Қазақстан балалар композиторларының  мектеп, Отан, Туған жер, табиғат, ата-ана  т.б тақырыптарындағы  әндерін  орындауы тиіс.

Шығарма  ұзақтығының әрқайсы    3 минуттан  аспауы  керек. Ән музыканың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындалуы тиіс.

    Ескерту: әншілердің тұсындағы фон, орындаушылық деңгейі (дауыс тазалығы),   дыбыс сапасы, бейне эстетикасы /сахналық киім үлгісі/сәйкес болуы керек.


     «Хореография» және «Спорттық-балдық» би (жеке, топтық) жанры бойынша әр топ немесе жеке орындаушы   еркін тақырыпта 1(бір) би орындайды. Хронометражы 2-3 минут.

  • Театр әлемі жанры:

«Көркем сөз» номинациясы бойынша қатысушы /поэзия, мысал өлең, өтірік өлең, қара сөз т.б образға ене отырып, шебер сомдай білуі бағаланады./

«Сахналық көрініс» номинациясы – образға ене отырып, қажетті реквизит құралдарды қолдана бір шығармадан үзінді желісін сахналау, көрініс жасау.

 

  • Аспапта ойнау: домбыра, қобыз, шертер, скрипка, жетіген, фортепиано т.б.

Оқушылар өз таңдауы бойынша 1 шығарманы аспапта орындауы қажет.

Қатысушының аты-жөні, сыныбы, шығарма авторы, репертуар атауы таныстырылуы тиіс.

Сахналық киім үлгісінің сай болуы ескеріледі.

 

 «Бейнелеу өнері» - бейнежазба барысында еркін тақырыпта бала қиялынан туған суреттерінің салыну барысынан көрініс және суреттің толық соңғы нұсқасы жолдануы тиіс.  

Қолөнер және жаңа технологиялар бағыты бойынша қатысушылар өз қолымен жасаған кез келген жұмысын ұсына алады. Оқушының еркін тақырыптағы туындыларын жасау барысының нұсқасы және жұмыс нәтижесі бейнежазбада толық көрсетілуі керек.

     «Ерекше жанр» -  гимнастика, пантомима, цирк өнері т.б.   /шектеу жоқ/


ЕСКЕРТУ: Байқауға бейнежазба ұсыну барысында қатысушының аты-жөні, сыныбы, шығарма авторы, репертуар атауы бойынша ақпарат толық болу керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ, ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

      Қазылар алқасы  үміткерлердің өнерін 5-10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды.  Байқаудың жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталады. Марапаттау салтанаты  22 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылады.

Байқауға қатысушылар өз өнерлерін видеоға түсіріп, ұсынылған жұмысты bakulya.81@mail.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. 

 

Қосымша байланыс тел: 8702-119-38-27 / Бақытгүл Қойшыбекқызы/.

 



Просмотров: 34

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь