Психологиялық бұрыш




 


«№66 мектеп – лицей» мемлекеттік мекемесі психологиялық 
қызметінің  2015 – 2016 оқу жылына арналған ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ       
Психологиялық кеңес 
Мектеп түлектеріне психологиялық қолдау  



         Мектеп жасындағы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

           2015 жылдың 12 қазанында мектебімізде Астана қаласы Білім басқармасының ұсынысы бойынша сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен «Мектеп жасындағы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарды мектеп психологы А.К Нуриманова жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктері, жас кезеңіне байланысты тұлғалық өзгерістер және ата-анасымен, мұғалімдермен және жолдастарымен қарым-қатынас мәселелерін қарастыра отырып, жүргізді. Аталған жұмыстың маңыздылығы, үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі және әр оқушының жағдайы, психологиялық саулығы маңызды екендігі ерекше аталып өтті.

 

Семинар барысында пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне сенім телефондары хабардар етілді. Кез-келген шұғыл жағдайларда қандай іс-әрекет жасау керектігі түсіндірілді.

 

Күнделікті оқу үрдісі барысында оқушылардың көңіл-күйін, мінез-құлқындағы өзгерістерді сырттай бақылау туралы ұсыныстар айтылды.
Сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің пікірі тыңдалып, өзара ой бөлісті.