Мектеп-лицей тарихы

... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
 Қаныш Сәтбаев
 

 

Мектеп тарихы

         Астана  қаласы Білім басқармасы«№ 66  мектеп-лицей» мемлекеттік  мекемесі 2011 жылдың 5 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен ашылды.
      Қайталанбас сәулетімен халықтың көз қуанышы боларлық мүсіндері және ғимараттары бой көтерген «Есіл» ауданы, Д.Қонаев көшесі 33/1 мекен-жайында, алып самұрықтың алтын жұмыртқасына ұя болған «Бәйтерек» монументінің жанында орналасқан.
Мектепті ашылған күннен бастап білгір де білікті басшы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Тәуелсіздік» медалінің иегері Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы басқарып келеді.            Мектеп-лицейдің жобалық қуаты 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 2442 оқушы білім алу үстінде. Оқыту  тілі - мемлекеттік  тіл. 
Мектеп-лицейдің негізгі бағыттары: физика-математикалық, химия-биологиялық.
Мектеп 2 ауысым бойынша жұмыс істейді. Мектепте 4 компьютерлік кабинет, 2 лингафондық кабинет, 2-3D кабинеті, 1 мультимедиалық-интерактивті псевдоголографиялық кабинет, 3 мультимедиалық-интерактивті кабинеті, заманауи үлгідегі 1 физика кабинеті, 1 химия кабинеті, 1 биология кабинеті, 2 спорт залы, 560-орындық акт залы, хореографиялық зал, футбол, баскетбол алаңдары бар.
          Оқушыларды білім нәрімен сусындату жолында 165 ұстаз еңбек етуде: жоғары білімді-153, орта кәсіптік-12; профессор-1; жоғары санатты-54, бірінші санатты-35,  екінші санатты-34, санаты жоқ  42 мұғалім. Мектеп-лицей бойынша «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі-1,  Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері-3, «Ы.Алтынсарин» төс белгісі-1, «Үздік педагог» -1, «Білім саласын дамытудағы еңбегі үшін» медалі -1.
Жыл сайын мұғалімдер білімдерін жетілдіру курстарынан өтеді, білімдерін шыңдайды. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру аясында «Өрлеу» орталығының  деңгейлік курсын 35 мұғалім өтіп, сертификатқа ие болды. Оның ішінде: І деңгей-3, ІІ деңгей-5, ІІІ деңгей -27 мұғалім.
        Мектеп мұғалімдерінің жетістіктері қуантарлық.  Республикалық  «Жыл мұғалімі–2015» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Бастемова Светлана Сүлейменқызы бас жүлдені иеленіп, «Үздік педагог» атанды. Еңбегінің жемісінің нәтижесінде халқымыздың танымал тұлғаларының  қатарынан табылып, «Қазақ елінің көрнекті әйелдері» кітабына енді. 2015 жылғы ҰБТ –да жоғары нәтиже көрсеткені үшін 10 мұғалім Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.  
          2011 жылдың қыркүйегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев мектебіміздің құрметті қонағы болып, «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігіне мектеп оқушыларын алғашқы мүшелікке қабылдап, балалар ұйымының негізін қалады. Осы салтанатты жиында үздік 150 оқушы «Жасұлан», «Жасқыран» ұйымына мүшелікке қабылданды. Мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп парламенті», «Ғибрат» ғылыми қоғамы және тәрбие саласындағы бірнеше үйірмелер: «Тұлғатану» клубы,  «Жас жол инспекторлар» тобы, «Мектеп тынысы» радио арнасы, экологиялық десант, «Боталар» хор ансамблі, «Асылай» би тобы, «Шалқыма»  ұлт аспаптар ансамблі жұмыс істейді.
Мектеп оқушыларының жетістіктері де айтарлықтай. «Жыл оқушысы - 2014» байқауында 10 сынып оқушысы Кеженева Баян бас жүлдені иеленді.
3 жыл көлемінде қалалық  ғылыми жоба сайысынан 62 оқушы, Республикалық ғылыми жоба сайысынан  14 оқушы,  Халықаралық сайыстардан 41 оқушы  жүлделі орындарды иеленді. Оқушыларымыз жыл сайын пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары атануда.
Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары:
 2012-2013 оқу жылы
«Алтын медаль» - Сапуан Айдана, орыс тілі, 11 сынып
«Күміс медаль» - Гаипова Арайлым, ағылшын тілі, 11сынып
«Қола медаль» - Сейфуллин Бақдаулет, химия, 10 сынып,
                             Болатбек Әйгерім, биология, 11сынып
2013-2014 оқу жылы
«Алтын медаль» - Сейфуллин Бақдаулет, химия, 11 сынып
«Қола медаль» - Ускенбаева Динара, биология, 10 сынып
2014-2015 оқу жылы
«Алтын медаль» - Болатбек Бексұлтан, химия, 9 сынып
«Күміс медаль» - Аксакалова Аида, орыс тілі, 11сынып
«Қола медаль» - Мәукен Жанель, география, 10 сынып
                          Ускенбаева Динара, биология, 11 сынып
Мектеп-лицей түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуде жыл сайын жоғарғы көрсеткіш көрсетіп келеді. Биылғы оқу жылы білім ордамыз және аяулы түлектеріміз үшін толағай жемісті жыл болды.  «Алтын белгі» үміткерлері сыннан сүрінбей өтіп, өз мәртебелерін сәтті қорғап, мектебіміздің туын көкке желбіретіп, мерейін асқақтата түсті.
«Алтын белгі» иегерлері:
2012-2013 оқу жылы - Гаипова Арайлым, Мағзанов Шыңғыс, Сапуан Айдана, Бигенова Айжан;
2013-2014 оқу жылы - Усен Диана;
2014-2015 оқу жылы - Ахметова Камила, Балхия Лейла, Рахматулла Самал, Сағымова Майя, Сархытбек Айым, Тұрсымбаева Гүлбахыт, Фархат Анель, Мергенбаева Малика, Хамиджан  Медина, Кайроллаев Аспандияр. 
2015-2016 оқу жылы - Мырзатаева Балжан, Абдикаримова Зарина, Кеженева Баян, Мергенбаев Әкежан, Тургинбаева Мадина, Елубаева Мақпал, Токмурзина Ғайни, Касымбек Назым, Тіллә Альбина, Сапархан Аружан, Кулкеев Әлишер.                                                                                                       
«Ерекше» үлгідегі аттестат иегерлері- Жексенбинова Адема, Маукен Жанель, Тоқсанбаев Альхаят.